"Халықаралық тәжірибені ескеру негізінде және ішкі ахуалдың біршама күрделілене түсуіне байланысты заң жобасымен есірткілік қылмыстарды жасағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза жүктеу ұсынылып отыр. Мұндай жаза төменде аталған жағдайларда қолданылады: оқу орындарында және кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін, есірткі тұтынуға тарту салдарынан адамды өлімге душар ету қылмыстары үшін", - деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Қасымов.
Сонымен бірге, Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулермен "көңіл көтеру ұйымдары" деген ұғым енгізіліп, "осындай ұйымдарда есірткі тұтынудың алдын алуға шара қолданылмаған жағдайда олардың іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату" туралы санкция енгізіледі.
Вице-министрдің хабарлауынша, сондай-ақ, ағымдағы жылы 22,5 мың тонна түрлі есірткілік заттар тәркіленіп, есірткілік қылмыстарға қатысты 9 мыңдай оқиға анықталған.
"Есірткі контрабандасына және заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстар санының өсу ағымы байқалуда", - деді Қ. Қасымов.
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті