"Келісімнің 2 бабында кедендік одақтың жоғарғы органы болып табылатын мемлекеттік кеңес тізімде көрсетілген шаралар аяқталған соң тараптардың аумағын біртұтас кедендік аумаққа біріктіру және кедендік одақты құрып аяқтау туралы шешім қабылдайды", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
"Біртұтас кедендік аумақ құру өзара сауда-саттықта тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, кедендік одақтың үшінші елдермен сауда-саттық жүргізуіне қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ, тараптардың экономикалық интеграциясын дамытуды қамтамасыз етеді", -делінген қорытындыда.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, " біртұтас кедендік аумақ құрылған сәттен бастап тараптар өзара сауда-саттықта кедендік баж салықтарын, сандық шектеулер мен басқа да соған парапар шараларды қолданбайды".
Бұл ретте "тараптар қоғамдық мораль, адамның өмірі мен денсаулығы, хайуанататр мен өсімдіктерді, қоршаған табиғи орта мен мәдени құндылықтарды қорғау шараларын, осындай тыйым немесе шектеу шаралары ақтауға келмейтін алалау немесе саудаға жасырын шектеу қою құралы болып табылмаған жағдайда өзара сауда-саттықта қорғаныс, демпингіге қарсы және компенсациялық шараларды, сондай-ақ, экспорт немесе импортты шектеу және тыйым салу шараларын қолдануға ешкім де кедергі жасамайды ".
Келісімге 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде ЕурАЗЭҚ-ты құру жөніндегі келісімнің аясында қол қойылды.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.