"Хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізуді қарастырады", -деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.
Атап айтсақ, хаттама "Кедендік одақтың жоғарғы органы" ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.
Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.
Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.