Мәжіліс Еуразиялық банктің Қазақстан аумағына келуіне байланысты талаптар жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

"2006 жылдың маусым айында, Қазақстан аумағында халықаралық маңызы бар банктің қызмет етуіне мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Ресей мен Қазақстан үкіметтері банктің тең құрылтайшылары боп табылады. Алайда, банк толық жұмысын бастауы үшін аталған келісімді бекіту қажет", деді ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәжіліс отырысында.

"Келісім банктің жарғысында көрсетілген қызметін атқару үшін Қазақстан аумағына келуінің құқықтық талаптарын анықтау мақсатында жасалған. Келісім банктің халықаралық мәртебесін бекітеді", деді министр.

Н. Коржованың айтуынша, "2006 жылы банктің жарғылық капиталы $1,5 млрд. болған, бұл қаражат әлі күнге дейін іске қосылмай отыр". "Банк аталған келісім бекітілгеннен кейін ғана жұмысын бастай алады", деді Н.Коржова.

Еуразиялық банкті құру туралы келісімге 2006 жылдың 17 маусымында қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті