Мәжіліс ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің ықпалдасқан валюта нарығы саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

Халықаралық істер , қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі мәжіліс комитетінің қортындысында айтылғандай ,"келісімде көрсетілген ережелерді жүзеге асыру ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің резидент боп табылмайтын банктеріне, банкаралық конверсиялық операцияларды резидент банктерге жасалған жағдайдан әлдеқайда қолайлы жағдайда жасауға мүмкіндік береді".

Аталған құжатты қабылдау ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикасында ұлттық валютаның қолдану аясының кеңеюіне ықпал етеді.

Келісімге 2006жылы 25 қаңтарда Санкт- Петербург қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті