Қазақстан Республикасы және Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге 1995-жылдың 23-қаңтарында Брюссельде, ал хаттамаға 2004-жылдың 30-сәуірінде қол қойылған.
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың түсініктемесіне сәйкес, хаттаманы жүзеге асыру нәтижесінде 2004-жылдың 1-мамырынан бастап Еуроодаққа мүшелікке өткен елдерде келісімді күшіне енгізуге мүмкіндік береді. Оның айтуынша, "хаттама Қазақстан мен Еуропалық Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттер арасында саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және тереңдете түсуді қамтамасыз ету үшін құқықтық - келісім базасын бейімдеуге бағытталған объективті сұранысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді".
Вице-министр осы орайда Қазақстанның Еуроодақтың Орталық Азиядағы ірі сауда әріптесі қалпында қала беретінін атап өтті. 2004-жылы Қазақстан мен Еурооадақ арасындағы тауар айналымы 10,5 млрд. долларды құрады.
Заң жобасы сенаттың қарауына тапсырылды.