Caravan Logo

Мәжіліс Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады

Мәжіліс Кедендік одақты қалыптастыруға бағытталған заң жобаларының блогын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы", сондай-ақ "Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобаларын бір дауыстан мақұлдады.

Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, бұл келісімдерге Қазақстан, РФ мен Беларусь 2008 жылдың 25 қаңтарында қол қойған.