Мәжіліс көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

"Заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған",- делінген мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлу қарастырылған. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті