Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында айтылғандай , "келісімнің мақсаты заңды және жеке тұлғаларға -екі мемлекеттің резиденттеріне қосалқы салық салмау. Келісімде дивиденттерге салық салу тәртібі қарастарылыған, кез келген борыштық талап түрінің табыс тәртібі , роялти, сонымен қатар мағлұмат пен құжаттарды беру ережесі, тәжірибе алмасу, алынған мағлұматтар мен құжаттарды пайдалану және зерттеу жүргізу тәртібі айқындалған".
Келісімге сәйкес, екі елдің құзырлы органдары арасында ақпарат алмасу қарастырылған. Бұл ақпарат кез келген салық түрінде қолданылады және ашық болып табылады.
Келісім мерзімсіз. Құжат күшіне енген күннен кейін бес жыл өткен соң, тараптар келісімнің күшін жойғаны туралы ескерту жіберуге құқылы.
Келісімге Куала -Лумпур қаласында 2006 - жылы 26 маусымда қол қойылды.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті