Мәжіліс машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

"Заң жобасының басты мақсаты- машиналар мен жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу. Талаптар адамның өімірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді",- деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау "ішкі рынокты потенциалдық қаупі бар машиналар мен жабдықтардың енгізілуінен қорғауға, отандық машина жасау саласының бәсекелестік қабілетін көтеруге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға, кәсіпкерлікті дамытуға" мүмкіндік береді.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті