Мәжіліс "Мемлекеттік меншік және ұлттық компаниялар туралы" заң жобасына сараптамалық зерттеу қорытындысын әзірлеуді жоспарлап отыр

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, "Мемлекеттік меншік және ұлттық компаниялар туралы" заң жобасына сараптамалық қорытынды әзірленбек.

Бұл құжат палата бюросының биылғы 4-сәуірдегі қаулысына сәйкес заң жобасына ғылыми сараптама жасауға жіберілген болатын.
Ертең сондай-ақ, мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінде 2002-жылғы республикалық бюжеттің орындалуы туралы үкімет есебі қаралса, палатаның экономиалық реформалар мен аймақтық даму жөніндегі комитетінде халық қалаулылары норвегиялық кәсіпкерлермен кездеседі деп күтілуде.