"Заң жобасы табиғи монополия субьектілерінің реттелетін қызметтерінің тарифі мен сметаларын бекіту ісін оңтайландыру мақсатында жасалған",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, заң жобасында "техникалық нормативтік мәселелер" қайтадан қаралған. Атап айтсақ, тарифтер қазіргідей жарты жылда емес, жыл сайын бекітілетін болады.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.