Аталмыш заң жобасымен мүлікті заңдастыру мерзімін 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту, ал заңдастырылған мүлікті меншіктену құқығын рәсімдеу мерзімін 2007-жылдың 1-қарашасына дейін ұзарту көзделген. "Сөйтіп заңдастыру шарасы 1-шілдеден 1-тамызға дейін 1 жыл 1 айға созылады. Осы мерзім жеткілікті деп ойлаймын",- деді заң жобасын таныстырған әділет министрі Зағипа Балиева.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті