Мәжіліс ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

"Заң жобасы негіздемелік сипатта. Ол ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты жалпылама минималды талаптарды белгілейді. Онда сандық сипаттамалары көрсетілмейді. Өйткені бұл сипаттамалар аталмыш өнімнің қауіпсіздігіне қатысты арнаулы талаптарды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі",- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің қорытындысында.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті