Мәжіліс өкілдері ресми сапармен Мәскеуге бармақшы

Өкілдер құрамында заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет төрағасы Сергей Жалыбин, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі, "Отан" республикалық саяси партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Әмзебек Жолшыбеков, депутаттар Аманжан Жамалов, Сатыбалды Ибрагимов, Владимир Нехорошев, Ғаділбек Шалахметов және Асқар Бейсенбаевтар бар.

Сапар бағдарламасының аясында О.Мұхамеджанов РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызловпен кездеседі. Сонымен бірге бағдарламада мәжіліс депутаттары Мемлекеттік думаның профильдік комитеттерінің өкілдерімен кездеседі.
Сапар барысында Федерациялық кеңес төрағасы Сергей Мироновпен кездесу межеленген. Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы Ресей халықтар достығы университетінде және "Қазақстанның достары- елшілердің клубында" сөз сөйлейді деп күтілуде.