Мәжіліс "Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, келісімнің 4 бабы бойынша әр тарап ядролық қару мен жарылғыш заттардың кез-келген түрін ойлап таппауға, өндірмеуге, және сынақ жасамауға, сақтамауға міндеттенеді. Ондай заттармен көмек қабылдамауға тырысады. Өз аймақтарында басқа елдердің радиоактивтік қалдықтарын сақтауға жол бермейді деген міндеттеме қабылдайды.