Заң жобасына пестицидтер қорын құру туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағына топырақ және тамырланған өсімдіктерді шетелдерден әкелуге тыйым салу туралы баптар қосылды.
Отырыста түсініктеме берген ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, "карантиндік тұрғыда аз зерттелген, кейде тіпті мүлдем зерттелмеген елдерден карантиндік өнімдер сатып әкелетін сауда фирмалары көбейді. Мұндай жағдай бұрын-соңды Қазақстан аумағында болмаған бейтаныс карантиндік организмдердің әкелініп, таралуына түрткі болып отыр".
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.