Онда парламенттік каникул мерзімін қысқарту да қаралған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшімі мәлімдеді.
«Құрметті әріптестер, өздеріңіз байқағандай, біздің заң қызметімізге қатысты президенттің тікелей тапсырмалары жоспар жобасының арнайы бірінші бөліміне кіргізілді, онда депутаттық каникул мерзімін қысқарту мәселесі де бар», - деп мәжіліс вице-спикері Сергей Дьяченко палата отырысында атап көрсетті.
С.Дьяченконың мәлімдеуінше, 2015 жылдың бірінші жартысында экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитет «Қазақстанның мұнайгаз секторын дамыту келешегі туралы» парламенттік тыңдаулар ұйымдастырмақ.
Сессия кезінде комитеттердің бірнеше көшпелі отырыстарын өткізу ұсынылған.