Мәжіліс палатаның салалық комитеттерінің саны мен атауларын өзгеріссіз қалдырды



Атап айтсақ, бүгін өткен палатаның жалпы отырысында шешілгеніндей, мәжілісте бұрынғыдай заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті , экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитеті, қаржы және бюджет жөніндегі комитеті , халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті, ауылшаруашылығы комитеті, әлеуметтік-мәдени даму комитеті, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитеті жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта жалпы отырыста комитеттерді басқарушыларды тағайындау мәселесі жалпы дауыс беру арқылы шешіліп жатыр.