Мәжіліс президент сайлауын өткізу мерзіміне қатысты мәселе бойынша Конституциялық кеңеске жолдананатын сауалды әзірледі

"Пікірлердің қарама-қайшылығына байланысты, мәжіліс депутаттары біздер шешім қабылдау барысында конституцияны бұзуға жол беріп алуымыз ықтимал,- деді ол. Осыған байланысты ол әріптестерінен өтінішке қол қоюды сұрай отырып, хаттың алдағы 1-2 күнде Конституциялық кеңеске жолдананатын хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттары парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов президент сайлауының мерзіміне қатысты ауызша жауап береді деп күткен еді. Алайда, заңнамаға сәйкес Конституциялық кеңес "президент, үкімет басшысы, парламент палаталарының төрағалары мен парламент депутаттарының бестен бір бөлігінен көбісі қол қойған" ресми өтініш келіп түскен жағдайда ғана Конституция баптарына ресми түсініктеме беретінін еске салды.