Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Есекешевтің айтуынша, "заң жобасы Қазақстан даму банкінің лизинг тәсілін қолдану арқылы ел экономикасын әртараптандыру бағытытндағы инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған".
Атап айтсақ, енгізілетін өзгерістер арқылы лизинг берушілердің операцияларын Қазақстан даму банкі тарапынан аккредитациялау тыйымы алынады. Бұл дәстүрлі несиелік операциялардан кешенді қаржылық қызмет көрсетуге ден қоюға және сол арқылы банкке ел экономикасын өңдеу өнеркәсібі, өндірістік және транспорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мейлінше арзан лизингтік операциялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.