Мәжіліс Қазақстан Халқы ассамблеясы туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы мемлекет басшысының 2007 жылдың 20 тамызында Қазақстан Халқы ассамблеясының сессиясында берген тапсырмасына сай жасаған. Құжаттың мақсаты - ассамблеяның мәртебесін, құрылу және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындау.