"Конвенцияның мақсаты - екі мемлекеттің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға екі жақтан бірдей салық салуға жол бермеуге саяды",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Конвенцияда дивиденд түрлеріне, кез-келген ролялтиден түсетін берешек талабына салық салу тәртіптері дәйектеліп, алынған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану және тексеру жөнінде тәжірибе алмасу жолдары қарастырылған. Конвенция ережелерін жүзеге асыру үшін екі жақтың құзыретті мекемелері арасында ақпарат алмасу көзделген. Кез-келген салық түріне қатысты ақпараттарды алмасуға болады және олардың құпиялығы сақталады.
Конвенцияға 2004-жылдың 10-қыркүйегінде Венада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.