ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Аталған хаттама 2014 жылдың 5 желтоқсанында Астанада жасалған. Құжаттың мақсаты - келiсiм аясында жасалған шарттар бойынша тауарлар берудi, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетудi осы келiсiм күшiне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейiн оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы қосылған құн салығынан босату болып табылады.
«Келісімге алғаш рет 2010 жылы «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы мен Францияның «Астриум САС» қол қойған болатын, онда Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру мен сынақ кешені үшін 69,6 млрд. теңге сомасы қарастырылған. Осы жобаларды бекіту барысында тауарлар мен жұмыстар үшін қосылған құн салығы қарастырылмады, соған байланысты бұл мәселе республикалық бюджеттік комиссияда да қаралып, ол бойынша оң шешім қабылданды. Осыны жүзеге асыру үшін Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың елімізге мемлекеттік сапары аясында келісімге өзгеріс енгізілген хаттамаға 2014 жылдың 5 желтоқсанында қол қойылды», - деді Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
Айта кетейік, бүгiнгi күнi келiсiм базасында Қазақстанда Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесiн құру және Астана қаласында ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенiн құру секілді жобалар iске асырылып жатыр. Хаттамада осы келiсiм аясында ҚҚС-дан босату үшiн жеткiлiктi негiз болып саналатыны айтылады.
Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.