Мәжіліс Қазақстан мен Словакия Республикасы арасындағы салыққа қатысты конвенцияны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

"Конвенцияның мақсаты бір елдің жеке немеес заңды тұлғасының екінші елде тапқан пайдасына белгілі бір салық түрлері бойынша салық салу құқығын әркімге қатысты заңмен бекіту арқылы мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту және оның аясын кеңейту болып табылады", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияда резидент жеке және заңды тұлғалардың кірісіне қосарланған салық салуды болдырмауды қарастырылумен бірге, келісімге келіп отырған мемлекеттердің және оның әкімшілік бөлімшешелері атынан кіріс пен капиталға қатысты салықтарға қолданылады.

Конвенцияға Астанада 2007 жылдың 21 наурызында қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті