Мәжіліс Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

"Келісімде Қазақстан мұнайын Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне тасымалдаудың жаңа жүйесін құру қарастырылған", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Мұнайды Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты жағалауына тасымалдаудың Қазақстандық Каспийлік жүйесін құру жобасын жүзеге асыру аясында жаңа мұнай тасымалы инфрақұрылымын құру жоспарланған", -делінген қорытындыда.

Атап айтсақ, "жобада Ескене-Құрық мұнай құбырын тарту, Құрық айлағын кеңейту мен жаңа қуаттылықтар құру көзделген, бұл жерден мұнай әріқарай танкерлермен Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жүйесіне тасымалданады". "Ресурстық негіз ролін Қашаған және Теңіз кеніштері атқарады".

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.