"Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, "инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады" - делінген мәжіліс комитетінің отырысында.
Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті