Мәжіліс "Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері туралы" заң жобасын мақұлдады

Палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, аталмыш заң жобасының мақсаты "қазіргі заман талабына жауап беретін халықаралық келісімдерге қол қою, атқару және денонсациялауды айқындайтын бірқатар нормаларды жаңалау, бұған дейін реттелмей келген немесе екіұшты түсіндіріліп келген халықаралық келісімдерге қол қою процедураларын регламенттейтін жаңа тәртіптер енгізу" болып табылады.

Заң жобасы сенатың қарауына ұсынылды.