Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында Сұлтан Аз-Захер Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы жайында Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндап берді.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Каир қаласында әз-Захер Бибарыс Сұлтанның мешітін қалпына келтіру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасына сәйкес, келісім бойынша тараптар әз-Захер Бибарыс Сұлтанның мешітін қалпына келтіруге бірлескен тәжірибелік шаралар қабылдайды. Қазақстан жағы 2007-2009 жылдар арасында қайтарымсыз 4 миллион 500 мың АҚШ долларын бөлетін болды. Ал Египет жағы 20 млн доллар бөледі.