Мәжіліс "Қазақстан үкіметі мен Румыния үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік жүк тасымалдары туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

"Келісімнің мақсаты екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, сондай-ақ, Қазақстан мен Румыния аарсында транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруға саяды", -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.