"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарына, мекендеу қағазы бар тұлғаларға мүліктерінің заңдастырылуына орай рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады. .
Заң жобасына қарағанда, заңдастыру нысандарына ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, оның ішінде Қазақстаннан тысқары орналасқан жылжымайтын мүлік жатады.
Жекелеген қылмыстар нәтижесінде алынған мүлік заңдастырылуға жатпайды.
Заңдастырудың мақсаты, елдің экономикалық айналымына қосымша қаражат тарту болып табылады.
Заң жобасына орай, заңдастыру мерзімі 2014 жылдың 1-қыркүйегі мен 2015 жылдың 31-желтоқсаны аралығы болмақ.
Ұсынылып отырған процедураға орай, ақша екінші деңгейдегі банктерде ашылған арнайы жинақ -шоттарға аударылуға тиіс.