Мәжіліс Қазақстанды миграцияланатын жануарлар түрлерін қорғау туралы конвенцияға біріктіруді мақұлдады



"Конвенцияның мақсаты - миграцияланатын жануарлар түрлерін (құрт-құмырсқалар, балықтар, амфибиялар, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүт қоректілерді) бүкіл миграциялық жолды бойлай қорғау, тағы аңдардың мекенденетін жерлерін қалпына келтіру, табиғат берген сый-мұраны болашақ ұрпақтың игілігі үшін тиімді пайдалана сақтап қалу болып табылады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту "ел ішінде айтарлықтай саяси және экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, сонымен бірге трансшекаралық проблемаларды шешуде мемлекеттер арасындағы халықаралық қарым-қытанасқа қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді".
"Конвенцияға бірігу үшін Қазақстан салатын жылына 1150 доллар көлеміндегі жарна республикалық бюджеттен бөлінеді және ол Конвенцияға қатысушы елдердің табиғи байлықтарды зерттеу және қорғауға бөлетін көмегімен бірнеше еселеп өтеледі",- делінген қорытындыда.
Конвенция БҰҰ-ның қоршаған орта проблемаларына арналған конференциясының тапсырмасымен 1979-жылы дайындалып, 1983-жылдың 1-қарашасында күшіне енді. Бұл конвенция қоршаған ортаны қорғау және сақтау саласындағы басымдық берілген бес халықаралық келісімнің санатына енеді.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті