Мәжіліс Қазақстанды сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенцияға біріктіруді мақұлдады



Мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда Теңіз-Қорғалжын, Алакөл көлдер жүйесі мен Теңіз және Ырғыз өзендерінің бір-біріне құятын сағасы халықаралық маңызы бар сулы - батпақты жер-сулар деп танылды.
Комитеттің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "өзінің транзиттік орналасу жағдайына қарай Қазақстандағы су қоймалары су және судың маңайын мекенденетін құстар өсіп-өнетін Азиядағы аса маңызды резерваттар болып табылады". Мәселен, Қазақстанда ұя салатын, түлейтін, маусымдық орын алмастыратын және қыстайтын кезеңінде құстардың барлығы 130-дай түрі тіркелген.
Сулы - батпақты жер-сулар туралы конвенция - 1971-жылдың 2-ақпанында Рамсарда хатталған халықаралық келісім болып табылады. Ол 1975-жылы күшіне енді. Конвенцияға 140 ел біріккен. Халықаралық маңызы бар батпақты-сулы жер-сулар тізіміне жалпы 124 млн. гектар аумақты алып жатқан 1421 жер енгізілген.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті