Мәжіліс Қазақстанның кейбір заң актілеріне түзетулер енгізуді мақұлдады


Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Мәжілістің заңдар және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет тұжырымдамасында мәлімделгендей, заң жобасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы туралы», Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңдарға жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізу ұсынылған.