"Бұл конвенцияға бірігу Қазақстанға теңіз державаларымен бірдей құқықпен ашық теңізге шығу еркіндігін пайдалану және теңізге еркін шығу мүмкіндігін беру арқылы республиканың транзиттік-транспорттық әлеуетін кең көлемде жүзеге асыруына жол ашып, Қазақстандағы сауда-саттық аясының кеңеюіне септігін тигізеді",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Конвенция ережелері теңізге шығар жолы жоқ әрбір мемлекеттің теңізге еркін шығу құқығын заңдастырады. Конвенция құрлықішілік мемлекеттерге аймақтық және халықаралық сауда-саттыққа еркін атсалыса алуы үшін транзит мүмкіндігін еркін әрі шектеусіз пайдалану құқығын береді.
Конвенция 1965-жылдың 8-шілдесінде қабылданған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті