Мәжіліс Қазақстан-Ресей шекарасынан өту тәртіптері жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

"Келісімнің басты мақсаты - екі елдің шекаралық аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту тәртіптерін жеңілдетуге саяды",- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР сыртқы істер вице-министрі Ержан Қазыханов.

Оның айтуынша, жаңа құжатқа сәйкес, "шекаралық аумақтардың тұрғындары Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекарадан осы өңірде тұру дерегін растайтын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы өткізу бекеттерінен өтеді".

Келісімге 2006-жылдың сәуір айында Оралда қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті