Мәжіліс ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны қызметтен босату туралы мәселені қарайды

Сонымен бірге мәжілістің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы мен хатшысын, сондай-ақ, оның мүшелерін сайлау туралы мәселе талқыланады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, комиссия төрағасы мен мүшелерін лауазымынан босату туралы таныстыруды Республика Ата заңының 56-бабына сәйкес мемлекет басшысы енгізеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қазіргі әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың кандидатурасы ұсынылмақшы.
Ақпарат көзінің түсініктемесіне жүгінсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының өкілеттілік мерзімі биылғы жылдың 4-мамырында аяқталады.