Мәжіліс ҚР үкіметі мен Нидерланды арасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік көмек туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Келісімді жүзеге асыру бюджет қоржынына құйылатын кедендік түсімдерді арттыруға, кедендік заң бұзушылық оқиғаларымен күрес саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіруге, екі елдің экономикалық мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

Келісім сондай-ақ, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес саласында тиімді ынтымақтастық орнатуға, кеден заңын бұзу көріністерін әшкерелеу және олардың алдын алуға, кеден мекемесі қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыруға септігін тигізбек.
Келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002-жылғы 27-қарашадағы Нидерланды Корольдігіне ресми сапары кезінде қол қойылған.
Заң жобасы парламент сенатының қарауына тапсырылды.