Мәжіліс құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекітуді қолдады

"Конвенцияларды бекітуге ұсынылған ережелерде адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою қарастырылған", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Қосымша конвенцияның 1-ші бабына сәйкес, бұл конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлер бар жерлерде оларды біртіндеп және қысқа мерзімде біржола жоюға қолдан келетін және барлық қажетті заңнамалық және басқа да шараларды қолдануға тиіс", - делінген қорытындыда.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.