Мәжіліс "Құнды қағаздар туралы" заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Депутат Виктор Егоровтың түсініктемесіне сәйкес, "заң жобасы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар концессиялық, инфрақұрылымдық нысандар салуға бағытталған инвестициялық саясаттың мүддесіне сай келеді".

"Инвесторлар үшін ұзақ мерзімді ресурстық нысандарға сапалы инвестиция жұмсауға қосымша мүмкіндіктер туғызу үшін рыноктағы қаржылық құралдардың тізімі аясын ұлғайту ұсынылып отыр. Сол үшін инфрақұрылымдық облигация деген жаңа құрал енгізіледі",- деді В.Егоров. Оның айтуынша, "бұл құрал бағалы қағаздардың сандық және сапалық тұрғыдан дами бастағанын айғақтайды".
"Заңды қабылдау еліміздің қор рыногын одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалап, мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге асыруға түрткі болмақ".
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.