"Конвенция жаппай әрі толыққанды қарусыздану жолында тиімді ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Онда халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған барлық қару түрлеріне тыйым салу және жою, бактериологиялық (биологиялық) және химиялық қару түрлерін жобалау, жасау және жинауға тыйым салу және оларды жою көзделген",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында.
"Еліміздің бұл конвенцияға бірігуі микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттерді, жабдықтарды, қару түрлерін немесе оларды жеткізу құралдарын жобалау, өндіру, сатып алу және сақтаудың алдын алу үшін конвенцияға біріккен елдермен ынтымақтастық орнатуда айрықша маңызға ие болмақ",- делінген қорытындыда.
"Конвенцияға бірігу - халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның конструктивті саясатын тағы бір дәлелдеумен бірге Қазақстанның бұрынғы сынақ полигондары аумақтары мен нысандарды реабилитациялау мәселесіне халықаралық қоғамдастықты араластыруына түрткі болмақ",- делінген құжатта.
Қазір 150 мемлекет біріккен бұл конвенцияға 1972-жылдың сәуір айында Мәскеу, Лондон және Вашингтон қалаларында қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.