Екінші орынға "Асар" партиясы шықты, бұл партия 19,47%, немесе, 67 мың 217 дауыс жинады. "Ақжол" партиясы 16,12%, немесе, 55 мың 648 дауысқа ие болды. АИСТ блогы 8,37%, немесе, 28 мың 903 дауыс жинады. Осы 4 партия партиялық тізім бойынша белгіленген 7%-тік кедергіден өтті.
"Коммунистер мен ҚДТ партиясының оппозициялық халықтық одағы" 6,21 процент, немесе, 21 мың 436 дауыс, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 3 процент, немесе, 10 мың 345 дауыс, Демократиялық партия 1,28 процент, немесе, 4 мың 403 дауыс, "Ауыл" партиясы 1,16 процент, немесе, 4 мың 20 дауыс, Қазақстанның патриоттар партиясы 1,14 процент, немесе, 3 мың 941 дауыс, "Руханият" партиясы 0,54 процент, немесе, 1 мың 074 дауыс жинады.
Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша, "Сайлау" жүйесі бойынша дауыс береді деп күтілген 1 млн. 959 мың 375 адамның 353 мың 855 адамы ғана дауыс берді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның айтуынша, кешікпей комиссияға "тағы да екі учаскеден "Сайлау" жүйесімен өткізілген дауыс беру қорытындысы келіп түсуі тиіс, бірақ, З.Балиеваның бағалауынша, "бұл мәліметтер жалпы дауыс беру қорытындысына айтарлықтай әсер ете қоймайды".