Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысты пікірталасты бақылап отырғанын айтты. Тіпті соңғы сауалнамалар халықтың бастаманы қолдайтынын көрсетіп отыр деді. Осыған қарағанда, бүгін Қабиболла Жақыпов, Қасым -Жомарт Тоқаев, Кәрім Мәсімов, Нұрлан Нығматулинмен консультация жүргізген президент көп ұзатпай сайлауға келісімін беретін сияқты. Айта кетсек, апта бұрын төменгі палата депутаттары өздерін мерзімінен бұрын таратуды өтініп, үндеу жолдаған болатын. Халық қалаулыларының ойынша, дағдарыс дендемей тұрып, сайлау өткізіп алған дұрыс. Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарының сайлауын бірге өткізу Ата заңға да қайшы емес дейді Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов.
Loading...