Қ.Тұрғанқұловтың хабарлауынша, облыстық, сондай-ақ, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссияларынан алынған алдын-ала мәліметке сәйкес, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия үшін 271 525 дауыс, немесе 4,62%,
Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы үшін 192 155 дауыс, немесе 3,27%,
Ауыл социал-демократиялық партиясы үшін 93 023 дауыс, немесе 1,58%, Руханият партиясы үшін 24 308 дауыс, немесе 0,41%, Қазақстанның Патриоттар партиясы үшін 44 175 дауыс, немесе 0,75%, Қазақстанның Халықтық коммунистік партиясы үшін 77 274, немесе, 1,31% дауыс берілді.
"Облыстық, сондай-ақ, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссияларынан хаттамалар келіп түскен сайын бұл мәліметтер нақтылана түсетін болады",- деді Қ.Тұрғанқұлов.
Мәжілістегі 98 орынға жеті партия үміттеніп отыр: "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы (көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев), билікпен бағыттас партия - "Руханият" партиясы (Алтыншаш Жағанова), конструктивтік оппозициядағы "Ақ жол" партиясы (Әлихан Бәйменов), оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық париясы (Жармахан Тұяқбай), сонымен қатар өздерін биліктен де, оппозициядан да алшақ партиялармыз деп таныстыратын "Ауыл" партиясы, (Ғани Қалиев), Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы (Владислав Косарев) және Қазақстанның Патриоттар партиясы (Ғани Қасымов).
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, мәжіліске партиялық тізім бойынша депутаттар сайлау жасырын дауыс беру барысында жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда барлығы 9728 сайлау учаскесі ашылды, олардың 15 пайыздан (1512) астамында "Сайлау" электрондық дауыс беру жүйесі қолданылды. Сонымен қатар, мәжіліс сайлауына дауыс беру үшін 8,8 млн астам және мәслихат депутаттарын сайлауға 16,6 млн астам қағаз бюллетень басып шығарылған.
ОСК мәліметінше, Астана уақытымен 22 00 сағаттағы жағдаймен сайлау бюллетеньдерін алған 5 млн 726 мың 544 сайлаушының 64,56% дауыс берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті