Мәжіліс Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (Салық кодексі) жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Жаңа Салық кодексі туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау минисрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасап, оның егжей-тегжейін түсіндірді.

Сондай-ақ, бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады.