"Келісімде екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтары үшін берген туристік визалары өзара танылатын Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық аумақтары нақты айқындалған", - делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
"Әр тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес үшінші елдің азаматтарына берілген сол елдің аумағына келу, сонда болу және шығуға арналған туристік визалар олардың иелеріне аталған шекаралық аймақ аумағында, шетел азаматтарының баруына тыйым салынған аумақтардан өзге жерлерге көп жақты өткізу пункттері арқылы виза уақытында ешбір кедергісіз кіріп-шығуға құқық береді", -делінген қорытындыда.
Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.