Мәжіліс спикері Астанада бірқатар жаңа нысанды ашты

"Әлия" ескерткіш кешені Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне арналған. Оның құрылысын Ақтөбе облысы Астананың 10 жылдығына орай салды.

Сондай-ақ, мәжіліс спикері Астананың мерейтойына орай Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары жөндеуден өткізген "Екі солдат" және "Еуразия" гүлзарларының ашылуына қатысты.