"Бұл меморандум мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлантикалық альянстың материалдық-техникалық қамтамасыздық және қызмет көрсету, сондай-ақ, атыс қарулары мен оқ-дәрінің артық бөлігін жою саласындағы ынтымақтастық үшін базалық негіз болып табылатын негіздемелік құжатқа жатады",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, меморандум ережелерін жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың келешегі бар салаларын айқындау жұмыстары жүргізілді. "Бұлар зымыран отынының құрамды бөліктерін пайдалы жарату, жарылмаған снарядтарды сақтау орындарын (464 гектарға жуық) тазарту, атыс қарулары мен оқ-дәрілерді жою (тиісінше 27300 және 2,5 млн дана) секілді бағыттар",- делінген қорытындыда.
Аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан үшін Солтүстік Атлантикалық альянстың "Бейбітшілік үшінгі ынтымақтастық" бағдарламасының сенім қорынан қайтарымсыз негізде қаржы бөлінеді, делінген қорытындыда.
Меморандумға 2003-жылдың 1-шілдесінде Брюссельде қол қойылған.
Заң жоабсы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті