Келісімнің басты мақсаты - ТМД елдері арасында құпия хат-хабарларды, бағалы сәлемдемелерді, ішінде технологиялық және коммерциялық құпияға жататын жолдаулары бар орама-сауқаттарды жіберуді жүзеге асыру болып табылады.
Келісімге ТМД-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары 1993-жылдың 23-желтоқсанында Ашхабадта қол қойған. Ал келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға 2001-жылдың 16-наурызында ТМД елдері экономикалық кеңесінің Мәскеуде өткен отырысында қол қойылды.
Келісімді бекіту туралы заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.