Мәжіліс ТМД елдеріндегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны бекітуді мақұлдады

"Бұл конвенцияға бірігудің орынды болатын себебі, қазір ТМД аясында демократиялық сайлаулар өткізу, саяси партиялардың сайлауларға қатысу жайы, сайлау туралы ақпараттар тарату мен оларға халықаралық бақылау жасау, сайлау құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, негізгі стандарттары бар біртұтас халықаралық құқықтық құжат жоқ",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Конвенцияға 2002-жылдың 7-қазанында Кишинев қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті